М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментіне қарасты «Студенттерге психологиялық қызмет көрсету» орталығы
Орталықтың негізгі мақсаты
ЖОО-ның білім беру үрдісін ұйымдастыру үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, студенттер мен оқытушылардың, қызметкерлердің психологиялық қорғалуын қамтамасыз ету, олардың психикалық денсаулығын қолдау мен нығайту.
Психологиялық орталықтың міндеттері
- студенттер мен қызметкерлердің әсіресе оқыту мен тұлға аралық қарым-қатынас аумағындағы психологиялық мәдениеті мен стресске тұрақтылығын арттыру;
- өзгермелі әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайларына әлеуметтік бейімделуге психологиялық көмек көрсету;
- білім беру үрдісі қатысушыларының негізгі мәселелерін анықтау және олардың туындау себептерін, оларды шешу жолдары мен тәсілдерін айқындау;
- студенттердің ЖОО-да білімалу үрдісінде тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби қалыптасуына ықпал ету;
- білім беру үрдісі қатысушыларын қиын және қысыл таяң жағдайларда психологиялық көмекпен қамтамасыз ету;
- студенттердің жеке тұлғасының шығармашылық дамуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік, психологиялық , педагогикалық және кәсіби жағдайларды жасау;
- ерекше қажеттілігі бар студенттерді психологиялық сүйемелдеу;
- шетелдік студенттерге психологиялық көмек көрсету;
- ЖОО оқытушылар құрамының заманауи жастармен жұмыс жасаудағы психологиялық біліктілігін арттыру;
- педагогикалық ұжымға ЖОО-ғы әлеуметтік-психологиялық климаты үйлестіруге көмектесу;
- ЖОО педагогикалық қызметкерлерінің қызметін психология саласындағы ғылыми-әдістемелік материалдармен және нұсқаулармен қамтамасыз етуге көмектесу;
- Қажет жағдайда білім беру үрдісі қатысушыларына психологиялық қолдау мен кеңес беру қызметін ұйымдастыру;
- білім беру мекемелерінің психологтарына, мұғалімдерге, ЖОО оқытушыларына, денсаулық сақтау, пенитенциарлық мекемелердің, құқық қорғау органдарының, әскери бөлімдердің тәжірибелік психологтарына кәсіби біліктілігін арттыру контексінде психологиялық оқыту.
Студенттермен жұмыс
Қызметкерлер
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз