«СҰРАНШЫ БАТЫР» АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

«Сұраншы батыр» ТТЗО-ның жетекшісі:

 с.ғ.к., доцент Рысбаева Сауле Жаксыбаевна

 Мекен- жайы: Бас ғимарат 354 каб.

 Байланыс телефон: 8-(7252) 21-01-89

«Сұраншы батыр» тарихи тұлғаларды зерттеу орталығы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ректор Ж.Ү.Мырхалықовтың 04.09.2012 жылы №646-л бұйрығымен ашылып, университеттің ғылыми зерттеу институтының құрамына енгізілген. Бүгінде орталық университеттің  Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің құрылымына жұмыстарын жалғастыруда.(04.12.2017ж.)

Тарихи тұлғаларды зерттеу орталығының мақсаты – қасиетті өңіріміздің біртуар  азаматтары жайлы, Сұраншы батырды  және  оның ерлік, батырлық істерін насихаттау, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін зерттеу, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлы зерттеу жұмыстарын жүргізу, қазақ батырларын зерттеуші ғалымдармен байланыс орнату және олармен шығармашылық бірлікте жұмыс атқару болып табылады.

Аты айтып тұрғандай, бұл орталық Қазақ даласының тарихында өшпес із қалдырған тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін зерттеуге арналмақ.

Егемендік алғанан кейінгі кезеңдегі мемлекетіміздегі жаңарулар мен тың серпілістер тарихи оқиғаларға жаңа тарихи таным бағытында зерттеу мен тың деректер негізінде қайта сараптап, зерттеу мүмкіндігін әперіп, Отандық тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінің орнын толтырып, болған оқиғалар мен құбылыстарға жаңа көзқарас тұрғысынан сараптап, тарихи шындықты зерттеп, зерделеп, жария етіп отыратын ұлт зиялылары қызметі арқылы жүзеге асыратыны мәләм. Егемен Қазақ мемлекетін құру жолында ұлттық сананың қалыптасуы мен қазақ ұлтының өткен тарихын, жекелеген тұлғалары мен тарихы үрдістерін шынайы түрде толық қарастыруды қажет етеді.

Қазақ халқының тарихында есімі еңселі, тұғыры биік, ардақты азаматтар көп-ақ. Қазақ кемеңгер мен данышпанға, ел басқарған мемлекет қайраткерлеріне, тарихи тұлғаларға кенде емес. Жылдар өткен сайын олардың алып тұлғалары биіктеп, жарық жұлдыздай жарқырайтынына көз жеткізіп жүрміз. Кейінгі ұрпақ соларға қарап бой түзеп, ой түйетіні анық.

«Адам өлген күні өлмейді, ұмытылған күні өледі» деген, ал артында өшпейтін із қалдырған тұлғалар халық жадында өмір сүреді, сүре бермек те.

Әр дәуірдің өз тұлғасы болады, әр дәуір өз тұлғасын тудырады. Ел тарихында қазақ жұртының тізгінін ұстап, елді басқарғандар көп болғанымен олардың жүрегінде мәңгілік орын алғандар саны саусақпен санарлық қана екен.

Кез-келген халықтың ұлылығы сол халық санының көптігімен өлшенбейді, біртуар тұлғаларының көптігімен ерекшеленеді. Әр дәуірдің мәні де, ерекшелігі де жеке тұлғалар арқылы анықталады.

Тарихи тұлғаларды зерттеу орталығының басты міндеттерінің бірі – тұлғаға  қатысты маңызды мәліметтерді жинастыру, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай, танымал туындыларының жазылу жайына байланысты өзге де тың мәліметтер жинау және оны уақтылы қағазға түсіріп, мұрағаттық құнды дерек көзіне айналдыру.

Айта кететін жайт, орталық жұмысы тек Сұраншы батыр ерліктерін зерттеумен ғана шектелмейді, бүгінгі күннің батырлары жайлы, сонымен қатар облыс көлеміндегі тарихи тұлғаларды, мемлекет қайраткерлерін ұлықтау мақсатында белгілі бір тарихи жағдайды бейнелейтін батырлық істерді  сараптап, жалпы патриоттық маңызы бар көкейкесті мәселелерімен де айналысады.

Сұраншы батыр туралы кезінде қағазға түскен, жазылған мақалалар, жырлар іріктелініп алынды. Қандай да бір зерттеу жұмысы, алдымен, зерттеу объектісі туралы кім не айтты, жалпы объектінің зерттелу деңгейі қандай деген мәселеден басталса керек. Біз де осы мақсатта арғы-бергі материалдарды жинақтап, халыққ а кеңінен таратуды және дәріптеуді мақсат етіп отырмыз.

Ел тарихын әйгілі тұлғалары арқылы тану мүмкіндігі енді туа бастады. Ұлттың әйгілі тұлғаларын тарихпен шендестіре танып-түсіну, ең алдымен – тарихи ақиқаттың айтыла бастауының жемісі... Ілгері буын бастаған өнегелі істер кейінгі буын арқылы жалғасын тауып жатса өмірдің бағасы арта түспек, ұлттың төлтумалылығы орнықты болмақ, адамдардың жан жүрегіне сенім мен мақтаныш сезімі ұялап, жасампаздық рухы салтанат құрмақ. Мұның бәрі өз кезегінде ұлттың мәдени-рухани ілгерілеуіне кепіл болуға тиіс.

Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам

қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына

айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып,

бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез

келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым

айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі.

Сұраншы батырдың ерлігін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып, бұрын тарихымызда белгісіз болып келген немесе әдейі бұрмаланған тұстарын тың деректерге сүйене отырып, тарихи шындық тұрғысынан зерттеу, оның шынайы келбеті мен ерекшеліктерін ашып көрсету – орталық  жұмысының басты мақсаты болып табылады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тағдырының айнасынан бір тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан да халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай қиын қыстау жағдайда да оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім өз жұртының нағыз азаматы болып қала берген» деген болатын.

 Адамзат тарихындағы ұлы тұлғалардың даналықтары заманның ортақ байлығы, таусылмас қазынасы деуге болады. Ол – ескірмейді және ұмтылмайды. Асқар тау алыстаған сайын биіктеп, адамдарға жарқын болашақты көрсетіп, жөн сілтеп отырары хақ.

Қоғамда зиялы қауым өкілдерінің, саяси қоғам қайраткерлерінің, тіпті ел ішінде танымал болған белгілі мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлердің есімдері ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңынан басталған кеңестік жүйенің арнайы жүргізген саяси іс-шараларының құрбаны болып кете барды. Кеңестік тарих ғылымы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қызметтерін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұрғысынан қарастырды, зерттеуге тыйым салды. Ал зерттеле қалғандары сыңаржақ бағаланып, тарихи шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді.

Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы тану мүмкіндігі – тәуелсіздік жемістерінің бірі.

Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалардың өмірлік қызметінің тарихы қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру факторларының бірі болып табылады.

Тарихи тұлғалар тек тарихты жасап қана қоймай, сонымен бірге сол қоғамның мәдени құндылықтарын, адамгершілік принциптері мен дәстүрлерін бойында сақтап, оның жетекшісі бола білген жағдайда ғана ерекше мәнге ие болмақ.

Адамзат баласы өткен тарихын жадында сақтап, одан сабақ алу қажет.

Қазіргі таңда Қазақстандағы тұлғатаным мәселесі кең өріс алып тұр. Еліміздің көптеген жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу орталықтары ашылып, тұшымды жұмыстар атқарылуда. Талантты тұлғаларды зерттеп-зерделеу – үлкен міндет, адами парыз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай және «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы халыққы Жолдауы аясында «Сұраншы батыр» атындағы тарихи тұлғаларды зерттеу орталығының өз жұмыстарын атқаруда.

Орталықтың мақсаты:

  • тарихи қайраткерлердің өмірі және шығармашылығы туралы;
  • қазақ халқының батырлары туралы шығармалармен танысып, өз       көзқарастарын ортаға сала білу;
  • билеушілердің  қоғамға қосқан үлесін бағалай білу;
  • тарихи тұлғалардың іс - әрекеті қоғамның өзгеруіне  әсері жайлы;
  • тарихи тұлғалар жайлы мәліметтер жинап студенттерге таныстыру;
  • студент  жастарды   азаматтылыққа, отансүйгіштікке, толеранттылыққа, адам құқықтары мен   бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге;
  • республикалық, облыстық, қалалық көлемдегі өткізілетін тарихи тұлғаларға арналған іс-шараларға қатысу, атсалысу;
  • орталықтың бағыты бойынша халықаралық, республикалық, өңірлік конференцияларға қатысу;
  • ҚР мемлекеттік мерекелеріне арналған іс-шараларға атсалысу;
  • «Туған жер» бағдарламасы негізінде Оңтүстік өңірінің киелі жерлеріне саяхат ұйымдастыру, мақалалар жариялау;

Міндеті:

  • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған  жыл сайынғы Жолдауын насихаттау;
  • тарихи тұлғалар мен тарихи жерлер жайлы БАҚ-да мақалалар мен статьялар жариялап отыру;
  • Сұраншы батырдың өмірі мен ерліктері жайында бұрын жарияланбаған құжаттар мен деректерді ғылыми айналымға енгізу;
  • Сұраншы батырға қатысты барлық зерттеулерді, мұрағат құжаттары мен басқа да дерек көздерін жаңа заман талаптары тұрғысынан саралап, ол туралы баға берген еңбектерді талдап, қарастыру;

Республикалық, аймақтық басылымдарда «Сұраншы батыр»  тарихи тұлғаларды зерттеу орталығы қызметкерлерінің зерттеу, публицистикалық мақалаларын жарияланып, теле-радио бағдарламаларда  «Сұраншы батыр»  тарихи тұлғаларды зерттеу орталығы туралы сұхбаттар беру де күн тәртібінде болуы тиіс.

Орталық сонымен қатар, Қазақстан  тарихына арналған кітап көрмелері мен оқырмандар конференциясын ұйымдастырып және өткізеді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.