6B01431 Бейнелеу өнері, графика және жобалау

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В01431- Бейнелеу өнері, графика және жобалау

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В01-Педагогикалық ғылымдар

 

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В014-Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

 B007 – Көркем сурет және сызу мұғалімдерін даярлау

Оқыту тілі

қазақ, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасы-

ның айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Бейнелеу өнері, графика және жобалау, заманауи технологиялар және оқытудың тиімі әдістері саласында іргелі білімі бар көркем-эстетикалық бағыттағы бакалаврды дайындау.

Берілетін дәреженің атауы

Білім бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

-         білім беру,

-         көркем-өндірістік,

-          кәсіпкерлік.

Оқыту нәтижелері

OН1- Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілік, академиялық адалдық пен әдептілік қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, жаратылыстану-ғылыми, кәсіби дамуды көрсету.

OН2 - Академиялық жазу әдістерін қолдана отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау.

OН3- Білім алушыларды тарту үшін білім беру, дамыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдануда цифрлық сауаттылық пен дағдыларды меңгеру, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау, бақылау үрдісінде цифрлық ресурстарды пайдалану.

OН4- Мектеп оқушыларының психологиясы, даму физиологиясы және олардың білім беру қажеттіліктері туралы түсінік бере отырып, оқу үрдісін басқару.

OН5- Білім алушылардың мінез-құлқын басқару, олардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру, тәрбие жұмысының әдістерін, білім берудің заманауи тұжырымдамаларын пайдалана отырып, білім алушылар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

OН6 - Оқытудың тиімді әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау құралдарына негізделген сабақты өткізу кезінде білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру.

OН7- Шығармашылық жұмыстар мен дизайн жобаларын жасаудың арнайы техникасы мен технологияларын, өнер туындыларының бағыттарын, өнер мен дизайнның даму бағыттары мен тенденциялары тұрғысынан талдау дағдыларын, шығармашылық дизайн құралдарымен материалдарды пайдалану тәсілдерін меңгеру.

OН8- Объектілер мен адам фигурасын шынайы бейнелеу үшін құрылымдық, анатомиялық және пропорционалды қатынастарды сақтай отырып, түрлі көркемдік әдістер, кескіндемелік және графикалық шеберлік әдістерін қолдану.

 OН9 - Виртуалды визуалды бейнелерді құруда және құрылымды мәселелерді шешуде жаңашыл компьютерлік технологияларды, бағдарламалық кодтарды және нейрондық желінің графикалық пакеттерін пайдалана отырып, цифрлық кеңістікте шығармашылық жұмыстарды үйлесімді, түсті, перспективалық құрудың өзіндік ақпараттық және цифрлық құралдарын басқару.

OН10 - Көркемдік және шығармашылық қабілеттерін көрсету, өзінің кәсіби қызметінің тиімді тәжірибесін жинақтау және тарату, практикалық зерттеулер негізінде оқу үрдісін жобалау.

ОН11- Қалыпсыз жағдайларда зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларды пайдалана отырып жұмыс атқару.

ОН12 - Моральдық, этикалық және құқықтық нормаларға сәйкес педагогикалық қоғамдастықта даму стратегияларын анықтай отырып, жеке және топ мүшесі ретінде жұмысты біріктіретін ресми, бейресми нысандарда кәсіби үздіксіз білім беруді жоспарлау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.